Экономикалық ынтымақтастық

Сауда ынтымақтастығының негізі Елбасының Афинаға 2001 жылдың шілдесінде және 2004 жылдың тамызында жасаған ресми сапарлары барысында қаланды.

Экономикалық бағытта құрылыс, инженерия, медицина және қалыпқа келу, косметология салаларында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Грекия қазақстандық өнімдерді өткізу нарықтарының бірі болып табылады. Қазақстандық экспорт нарығының негізі битуминоздық түрлерінен алынатын шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінен (91%), ал қалған 9% өнделмеген алюминийден тұрады (шамамен 50 тонна).

Қазақстанға Грекиядан дәрі-дәрмек пен витаминдер, алюминиден жасалған фольга,лифттер, табак, киви мен мандариндер, құбырлар, косметика, зәйтүн майы мен шабдалы импортталады.

Екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымының 2016 жылғы көрсеткіші 886 млн.АҚШ долларына тең. Ал, 2015 жылы 1,39 млрд. АҚШ долларды құрды. Қазақстанның Грекияға экспорты 2015 жылы 1,2 млрд. АҚШ долларға жетті, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 700 млн. АҚШ долларға кем, ат Грекияның Қазақстанға импорты 19 млн.АҚШ долларды құрап, 2014 жылға қарағанда 23,8 млн. АҚШ долларға төмендеді.

2016 жылдың қыркүйегінде Астанада тұңғыш қазақстандық-грекиялық бизнес форумы ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан мен Грекия тарапынан 70 жуық компания ат салысып, қорытындысы бойынша отанымыздың экономикасына инвестиция құю бойынша екі меморандумға қол қойылды.

Сауда ынтымақтастығы динамикасы деңгейін күшейту мақсатымен 2016 жылдың аяғында Астанада экономикалық және технологиялық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының үшінші мәжілісі өткізілді.

Ынтымақтастықтың жақсы үлгісі ретінде грекиялық «Семарко» инжинерлік компаниясын атауға болады. Ол Қазақстандағы теңіз кен орындарын дамыту бағытында жобалық-инжинерлік қызметін көрсетіп, Каспий теңізінің Солтүстігінде орналасқан «Қаламқас-теңіз» мұнай кен орны негізінің инжинерлік-жоба құжаттамасын әзірлеуге ат салысты.

Сонымен қатар, «Семарко» жергілікті және Маңғыстау өңірінің толық қамтуымен теңіз ғимараттарын салу юойынша эффективті жобаларды әзірледі. Грекиялық компанияның еншісіндегі ең ірі жобалардың бірі ретінде Ақтау портын қалыпқа келтіру жұмыстарына белсенді қатысуын атап өтіге болады.


Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 16:55