Eкіжақты қарым-қатынастар

Жалпы мәліметтер


Қазақстан Республикасы және Грекия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 1 қазанында орныққан.

1997 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасында Грекия Республикасының Елшілігі ашылды.

2005 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Грекияда Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясының ашылуы туралы Жарлыққа қол қойды.

2009 жылдың 22 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Грекиядағы Дипломатиялық миссиясы Елшілік болып қайта құрылды.

Волков Алексей Юрьевич (одан бұрын Сергей Нуртаев) 2016 жылдың сәуірінен бастап Грекия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып табылады.

Саяси ынтымақтастық

Қазақстан мен Грекия арасындағы екіжақты қарым-қатынастар халықаралық саясаттың көптеген мәселелері бойынша келіспеушіліктердің болмауымен сипатталады. Екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейдегі өткен іс-шаралар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Грекияға (2001 ж. шілде) және Грекия Президенті К.Стефанопулостың Қазақстанға (2002 ж. маусым) жасаған мемлекеттік сапарлары болып табылады. 2001 жылы Грекияға жасалған сапары барысында Н.Назарбаевқа Жоғары дәрежелі Құтқарушы ордені табысталды. 2004 жылдың тамызында ҚР Президенті Н.Назарбаев Афина қаласына Олимпиядалық ойындарды салтанатты ашу рәсіміне қатысу үшін сапармен барды, бұл сапардың барысында Грекия Премьер-министрі К.Караманлиспен кездесу болды.

2009 жылдың 1-2 желтоқсанында Афина қаласында Мемлекеттік хатшы – ҚР Сыртқы істер министрі К.Саудабаев Грекияның төрағалығымен өткен 17 ЕҚЫҰ муше-мемлекеттердің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің отырысына қатысты, мұнда 2009 жылдағы грек төрағалығының қорытындылары шығарылды, және ресми түрде Қазақстанға төрағалық тапсырылды. Отырыс жұмысында ҚР СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрағалар үштігінің өкілі ретінде, ЕҚЫҰ болашақ төрағасы ретінде СМИД үшінші пленарлық сессиясына жетекшілік жасады.

2010 жылдың 16-17 шілдесінде Алматыда Грекия Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Д.Друцас ЕҚЫҰ муше-мемлекеттердің Сыртқы істер министрлер Кеңесінің ресми емес кездесуіне қатысты года ЕҚЫҰ ДӨ, Мемлекеттік хатшы – ҚР Сыртқы істер министрі К.Саудабаевпен және басқа да ЕҚЫҰ муше-мемлекеттердің көшбасшыларымен кездесті. ЕҚЫҰ министрлердің ресми емес кездесу аясында Д.Друцас ЕҚЫҰ-ның басқа халықаралық ұйымдарымен, яғни Еуро-Атлантика және Еуразиядағы қауіпсіздік мәселелермен айналысатын ұйымдармен әріптестікті нығайту туралы Қазақстанның бастамасын қолдады.

2010 жылдың 1-2 желтоқсанында Грекия премьер-министрі Дж.Папандреу Астанада ЕҚЫҰ муше-мемлекеттердің елбасылары Саммитіне Грекия Сыртқы істер министрі Д.Друцаспен, грек үкіметінің ресми өкілі Г.Петалотисамен бірге қатысты. Сапар барысында грек үкіметінің басшысы тек Саммитке қатысып қоймай, сонымен бірге осы оқиғаның екінші сессиясына төрағалық етті және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болды.

2013 жылдың 26 қыркүйегінде Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 68 сессиясы аясында Сыртқы істер министрі Е.Идрисов Грекия Вице-премьері – Сыртқы істер министрі Е.Венизелоспен екіжақты кездесу өткізді.

2015 және 2016 жж. мамырында грек делегациясы 8 және 9-Астана экономикалық форумына қатысты.

2017 жылғы 24-27 мамырда Грек Республикасы Жоғарғы Соты Бас прокуроры К.Димитриуның Астанада іс-сапары өтті.

2017 жылғы 21 шілдеде Арнайы мамандандырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде Грекияның Экономика және даму министрі Д.Пападимитриудің сапары пысықталды.



Сауда-экономикалық ынтымақтастық

ҚР Кедендік бақылау Комитетінің деректері бойынша 2016 жылы Қазақстан мен Грекия арасындағы тауар айналымы 886 млн. АҚШ долл. жетті. Ал, 2015 жылы айналым 1 млрд. 279 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1 млрд. 260 млн. долл., импорт – 19 млн. долл.), бұл өз кезегінде 2014 жылмен салыстырғанда 35,6% пайызға кем (тауар айналымы – 1 млрд. 988,3 млн. долл., экспорт – 1 млрд. 945,5 млн. долл., импорт – 42,8 млн. долл.).


Парламентаралық қатынастар

Екі мемлекеттердің парламенттерінде парламент достастық топтары құрылған. Қазақстан-грек достастық тобының ҚР Парламентінің Мәжілісінен жетекшісі етіп халықаралық, қорғаныс және қауіпсіздік істер бойынша Комитетінің мүшесі А.Тасбулатов болып табылады. Грекия Парламентінде грек-қазақстан достастық тобының жетекшісі тәуелсіз депутаты Л.Григоракос («Бүкіл грекиялық кеңестік қозғалысының» бұрынғы мүшесі (ПАСОК)).

Аймақаралық ынтымақтастық

2008 жылдың шілдесінде Шымкент және Ахарнон ққ. арасында туыстастық келісімге қол қойылды. 2011-2013 жж. екі қалалар мэриясының басшылары деңгейінде сапарлармен, сондай-ақ жазбаша құттықтаулармен алысты. 2016 ж. 19-23 наурызында Ахарнон қаласының мэры Я.Кассавостың Шымкент қаласында достық сапары өтті. Тараптар мәдениет, спорт, туризм және сауда саласында ынтымақтастықты кеңейту туралы келісті.

Үкіметаралық комиссия

2006 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Қазақстан-грек комиссиясының экономикалық және технологиялық ынтымақтастық бойынша бірінші отырысы өтті.

2013 жылдың 14-15 қазанында Қазақстан-грек ҮАК Екінші отырысы өтті, оның қорытындыларына сәйкес Хаттамаға қол қойылды.

2016 жылдың 26 қыркүйекте Астанада ҮАК Үшінші отырысы өтті. Осы комиссиясының Қосалқы төрағалары Сыртқы істер министрлердің орынбасарлары Қазақстан тарапынан Р.Василенко және грек тарапынан Д.Мардас.
Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 17:04