Келісім-шарттар базасы

Қазақстан мен Грекия арасында келесідей мемлекетаралық және үкіметаралық халықаралық келісім-шарттар бар: Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грек Республикасы Үкіметі арасындағы экономикалық және ынтымақтастық туралы Келісім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грек Республикасы Үкіметі арасындағы жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдау туралы Келісім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грек Республикасы Үкіметі арасындағы білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық туралы Келісім, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грек Республикасы Үкіметі арасындағы дипломатиялық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы Келісім.

2017 жылдың басынан Қазақстан мен Грекия 14 екіжақты жаңа келісімдердің жобаларын қарастыру үстінде (келісімдер мен меморандумдар). Екі тарап құжаттарды жуық арада келісу сатыларынан өткізу мен оларға қол қою жұмыстарын пысықтауда.

Бұл бағытта, 2017 жылғы 24 мамырда Астанада ҚР Бас прокуратурасы мен ГР Жоғары Соты Бас прокурасы арасында өзара түсінушілік туралы Меморандумға қол қойылды (ведомствоаралық).


Қосылған : 6.11.2016, 18:50, Өзгертілген : 7.11.2016, 16:59