Афинада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығына орай салтанатты қабылдау өтті

8 желтоқсанда Афинада Қазақстанның Грек Республикасындағы Елшілігі Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесі мен екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 25-жылдығына орай салтанатты қабылдау өткізді.

Іс-шараға Грекияның белді саяси және іскерлік, қоғам және мәдени қайраткерлері, дипломатиялық өкілдіктер және халықаралық ұйымдар басшылары, бұрынғы отандастар мен қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі Алексей Волков өз құттықтау сөзінде «отанымыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетвың басшылығымен тәуелсіздік жылдары ішінде заманауи және демократиялық зайырлы мемлекет, экономикасы ширек ғасыр ішінде 20%-ға артқан аймақтық көшбасшыға айналғанын» атап өтті.

Қазақстандық дипломат екі ел арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастардың мерейтойы жылы өте жемісті өткендігіне тоқталды. Ең басты саяси оқиға санатына Грек Республикасы Парламенті тарапымен «Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы Келісімінің» Ратификациядан өткендігіне тоқталды.

Салтанатты кеште Грекияның бас прокуроры Ксени Димитриу, «Қазақстан-Грекия» парламентаралық достық тобының теңтөрағасы Леонид Григоракос, Грекияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Эфтимиос Панзопулос пен белді грекиялық опера орындаушысы Елена Келиссидуге «екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлестерін қосқандары үшін» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мерейтойлы медальдары табысталды.

Кештің ресми бөлігінен кейін қатысушылар «Ұлы Дала» мен «Көне Эллада» мәдениеттерінің тұңғыш түйісуінің кәуегерлері атанды. Қазақстанның Афинадағы Елшілігінің қолдауымен және бұрынғы отандастардың бастамасымен құрылған «Мәдени орталықтың» мүшелері Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқиссасы» мен Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқымын» жаңаша түрде понтиялық нақышта орындады.

Жиналған қауым қазақ ұлттық тағамдарынан, «Рахат» кондитерлік фабрикасы мен «Хаома» компаниясының өнімдерінен дәм татуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, салтанатты кеште еліміздің жаңа келбеті мен қоғамымыздың өмірін сипаттайтын «Заманауи Қазақстан» атты фотокөрмесінің презентациясы ұйымдастырылды.

Қосылған : 9.12.2017, 16:45, Өзгертілген : 9.12.2017, 16:45