Алғыс айту күні

1-ші Наурыз – көктемнің алғашқы күні Қазақстан Алғыс айту Күнін атап өтеді!

Алғыс айту – бұл Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің символы, бір-бірімізге деген жылы лебізімізді білдіруге деген тағыда бір мүмкіндік. Бұл біздің ортақ тарихымызға тағзым, қолдау, өзара көмек көрсету және бауырмалдылық күні.

Біздің еліміз Қазақстанның он сегіз миллион тұрғындарын білдіретін 130-дан астам этникалық топ пен 18 конфессияның өкілдерін біріктірді. Достық, сенім, ынтымақ пен бірлік біртұтас Қазақстан тарихына айналды. Осыған байланысты біз әлемдік қауымдастықта жоғары бағаланған әлеуметтік үйлесімділік пен ұлттық бірліктің ерекше үлгісін құрдық.

Халық мақтан тұтатын көпұлтты Қазақстандықотбасы бірнеше көші-қон толқындарының нәтижесі болып табылады. Соңғы екі ғасырда Ұлы далада мыңдаған орыстар, украиндар, беларустар, немістер, поляктар, гректер, корейлер, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер мен басқа ұлттарға пана болды. Олар саяси шешімдер, жер аударулар немесе экономикалық жобаларды жүзеге асыруға байланысты тарихи отанынан кетуге мәжбүр болды.

Әрбір этнос үшін бұл мыңдаған туыстық, отбасылық және достық байланыстардың бұзылуына әкеліп соқтырған ғасырлар бойы күнделікті тұрмыс жағдайын және үй шаруашылығын жүргізуді қайта құрылымдауды талап ететін күйзеліс болды. Олардың өкілдерінвагонның ішінен ашық далағашығарып тастады, ал өздері қиын жағдайда болған қазақ отбасылары оларды өздерінің үйлеріне кіргізді. Аштық пен күйзелісті бастан кешкен, қиын жағдайға тап болған қазақ халқы, оларды бауырына басып, жүрегін ашып, қонақжайлылықпен қарсы алып, осы жердің оларға туған жер екенін сездірді.

Бүгінде Қазақстанда жаңа ұрпақ өсіп келеді - «Тәуелсіздік дәуірі» ұрпағы. Олар өздерінің этникалық құндылықтарын құрметтейді және Отанын - Қазақстанды жақсы көреді. Олар этносаралық достық – мемлекет тұтастығының незігі екенін біледі, және оны сақтап, арттырудың маңыздылығын түсінеді.

Анықтама: 2016 жылдың қаңтарында Президент Н.Назарбаев өз Жарлығымен 1 наурызды Қазақстандағы Алғыс айту күні деп жариялады. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурыз - мереке күні ретінде «көптеген адамдар елге қоныс аударған жылдары ел халқының бір-біріне және қазақтарға төзімділігі мен қонақжайлығы үшін алғыс білдіретін күні» ретінде таңдалды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстанға Ресейден, Украина мен Беларусьтен бос жерді дамыту үшін 1 миллион 150 мың адам қоныстанды. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында бұрынғы КСРО-ның орталық аймақтарынан 250 мыңға жуық қоныс аударылған шаруалар Қазақстанға көшірілді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік нысандарды салуға бүкіл елден 1,2 млн. адам қоныс аударылды. Бұдан басқа, әр жылдары 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляктар, Солтүстік Кавказ халқының 550 мың өкілі, Қиыр Шығыстағы 100 мыңға жуық корей отбасы Қазақстанғ ақоныс аударған. Нәтижесінде 20-шы ғасырдың басынан бері Қазақстанға 5,6 миллионнан астам адам қоныстанды.

Қосылған : 1.03.2019, 14:30, Өзгертілген : 1.03.2019, 14:30