Астана мен Афины парламентаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүдделі

19-20 қазанда Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі Комитетінің мүшесі – «Қазақстан – Грекия» парламентаралық достық тобының теңтөрағасы Абай Тасболатов бастаған Қазақстан Парламенті Мәжілісі делегациясының Афинаға сапары өтті.

Грекиялық астанада өткен іс-сапар екі елдің айтулы оқиғасы – Қазақстан мен Грекия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының 25-жылдығы шеңберінде пысықталды.

Афинада болу кезінде ел қалаулары А.Тасболатов пен А.Қоңыров өз әріптестерімен екі елдің парламенттері мен халықаралық парламенттік құрылымдық салаларында (Парламенттік Ассаблея, ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы және т.б.) өзара іс-әрекеттестік бойынша ауқымды мәселелерлі талқыға салды. Атап айтқанда, Грек Республикасы Парламенті төрағасының орынбасары М.Георгиадис, Өндіріс пен сауда мәселелері бойынша Комитетінің басшысы Х.Кафантари, Ұлттық қорғаныс пен сыртқы саясат мәселелері бойынша Комитеті басшысының орынбасары Д.Эмманоуилидис, Парламенттің бұрынғы Спикері В.Полидорас және «Грекия-Қазақстан» парламенттік достық тобының теңтөрағасы Л.Григоракос секілді Грекия Парламентінің жоғары санатты өкілдерімен кездесулер орын алды.

Келіссөздер барысында тараптар қолда бар қолайлы жағдайлар негізінде ортақ мүдделерімізге сай сауда мен инвестиция, мәдениет пен ғылым, туризм секілді салаларда ынтымақтастықты өзара өрбітуді көздейдін парламентаралық үнқатысуды одан әрі нығайту келешегі қызу талқыға салынды.

Отандық депутаттар тәуелсіздік жылдары ішінде мемлекетіміздің қол жеткізген жетістіктері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» пен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы, ҚР Парламенті өкілеттіктерін кеңейту мен Үкіметтің әлеуметтік-экономикалық шешімдері бойынша жауапкершілігінің арттыру бағытында жүргізіліп жатқан саяси реформалар жайлы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, Мәжіліс мүшелері өз әріптестерінің ерекше назарын Елбасы жүргізіп отырған Қазақстанның сыртқы саясатына, дербес еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақсыз мүше ретінде атқарудағы жемістеріне аудартты. Грекия Парламентінің өкілдері қол жеткізілген «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одағы арасында кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы Келісіміне» жоғары баға беріп, жуық айлар ішінде аталған маңызды құжатты ратификациядан өткізуге әзірліктерін жеткізді.

Сұхбаттар барысында депутаттар екі мемлекет арасында «достық көпіріне» айналған, Қазақстанда ғұмыр кешетін көпсанды грекиялық диаспорасының маңыздылығын айрықша атады. Бұл орайда, грекиялықтар қоғам ішінде бейбітшілік пен келісімді дәріптейтін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы мен қызметінің тәжірибесімен танысуға қызығушылық танытты.

Қорытындысында грек тарапы қазақстандық әріптестерін екі ел арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастардың мерейтойымен құттықтай отыра, әріптестерінің парламентаралық ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған іс-шараларға қатысу мақсатымен Астанаға шақыруларын ілтипатпен қабылдады.
Қосылған : 21.10.2017, 04:30, Өзгертілген : 21.10.2017, 04:30