Өңірлік даму мен қауіпсіздіктің өзекті мәселелері Еуропалық Одақ–Орталық Азия жоғары деңгейдегі Диалог барысында талқыланды

БРЮССЕЛЬ, 2019 жылғы 28 мамыр – Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясын ресми қабылдау қарсаңында Қазақстан делегациясы бүгін Брюссельде өткен саясат пен қауіпсіздік мәселелері бойынша ЕО-ОА жоғары деңгейдегі диалог (ЖДД) барысында тұрақты өңірлік даму мен қауіпсіздікке жәрдемдесу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

2014 жылдан бастап жыл сайын сыртқы саяси ведомстволар басшыларының орынбасарлары деңгейінде өтіп жатқан іс-шарада қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Еуропалық Одақ делегациясын – Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі Бас хатшысының орынбасары Жан-Кристоф Бельяр басқарды. Сонымен қатар Орталық Азия аймағы да жоғары деңгейде ұсынылды,ал мейман ретінде Ауғанстан Министрінің орынбасары И.Заман қатысты.

Күн тәртібінде өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасу, Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясын іс жүзінде іске асыруды талқылау болды.Терроризммен күреске және радикализмнің таралуына, сондай – ақ шекараларды тиімді басқару және есірткіге қарсы күрес мәселелеріне, оның ішінде ЕО тарапынан оң жағынан көмек көрсету тетіктерін одан әрі дамытуға-ОА-дағы шекараны басқаруға жәрдемдесу бағдарламасына (BOMCA) және Орталық Азия үшін есірткі жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына (CADAP) ерекше назар аударылды.

Р. Василенко өз сөзінде көпжақты өзара іс-қимыл үшін ЖДД өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, а. ж. 15 мамырында ұсынылған жаңа стратегияға жоғары баға берді. Оның айтуынша, аталмыш құжат үлкен әлеуетке ие және еуропалық тараптың аймақтың саяси және экономикалық тұрақты дамуына мүдделілігін растайды. «Біз Стратегияның Орталық Азияда ашылған жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға бағытталғанына ризамыз», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

«ЕО-ның жаңа бағдарламалық құжатын сәтті іске асыруға әсер ететін негізгі элементтер оны іске асырудың құралдары мен тетіктері, атап айтқанда, Даму бағдарламалары болып табылады. Бізде көп жылдар бойы алған тәжірибені қайта ойлауға, күш - жігерді біріктіруге және стратегияны іске асырудан практикалық қайтарымды арттыруға баса назар аударудың бірегей мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Р.Василенко.

Ол, 2007-2019 жылдары қолданыста болған ЕО-ның Орталық Азия бойынша бірінші Стратегиясы аясындағы ынтымақтастық тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, "ЕО-ның жаңа бағдарламалық құжатын сәтті іске асыруға әсер ететін негізгі элементтер оны іске асырудың құралдары мен тетіктері, атап айтқанда, Даму бағдарламалары болып табылады. Бізде көптеген жылдар ішінде алынған тәжірибені қайта пайымдауға, күш – жігерді біріктіруге және стратегияны іске асырудан практикалық қайтарымды арттыруға көңіл бөлуге бірегей мүмкіндік бар", - деп атап өтті.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат қауіпсіздік саласында жүргізіліп жатқан саясат, атап айтқанда, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы аудиторияға толық ақпарат берді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың атынан "Жусан" сәтті іс-шарасы барысында Сириядағы қақтығыстар аймағынан Қазақстан азаматтарының басым бөлігі әйелдер мен балалардан қайтарылғаны атап өтілді. «Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының арнайы қызметтері жүзеге асырған бірегей іс-шаралар нәтижесінде 278 қазақстандық Отанымызға қайтарылды, соның ішінде 186 бала, оның 18-і жетім», - деді Р.Василенко.

Еуропалық тарап Сирия бағыты бойынша Қазақстан Республикасының күш-жігерін, азаматтардың сәтті эвакуациясын жоғары бағалап, Қазақстанның тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Диалог отырысы барысында еуропалық тарап ЕО бюджетінен қаржыландырылатын БОМКА және КАДАП бағдарламаларының жаңа кезеңдерін ұсынып, бұл бағдарламалар кеңейтіліп жалғастырылатының атап өтті. Өз кезегінде Р.Василенко Қазақстан шекараны кешенді басқарудың еуропалық әдістерін зерттеуге, есірткінің заңсыз айналымымен күресуге жауапты құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ ЕО-ның осы бағдарламаларын іске асыруға көп жағдайда ықпал ететін трансшекаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.

Келіссөздердің жеке тақырыптары Ауғанстандағы ахуалды талқылау, ауған үкіметінің саяси шешімдерге жетуіне және ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған күш-жігерін қолдауға бағытталған өзара әрекеттестігі форматтарына қатысуға барлық мүдделі тараптардың қажеттілігін талқылау болды. Р.Василенко «Қазақстан Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі өзінің халықаралық міндеттемелерін ұстанады және елдегі жағдайды тез арада тұрақтандыруға мүдделі» деп мәлімдеді. Осыған байланысты Тараптар осы бағдарламаның бекітілген тұжырымдамасына сәйкес Еуропалық Одақты қаржыландыру кезінде Қазақстан мен Өзбекстанда ауған әйелдерін оқытудың бірлескен бағдарламасының бірінші фазасын ағымдағы жыл ішінде уақтылы іске қосудың үлкен маңызын атап өтті.

Қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және климаттың өзгеруі саласындағы бірлескен іс-әрекеттерге ерекше назар аударылды. Қазақстан ЕО мен ОА арасындағы экологиялық ынтымақтастықты, соның ішінде ең үздік тәжірибелермен алмасу және жаһандық жылынудың және мұздықтардың еруінің салдарын азайтуға бағытталған жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға шақырды. Қазақстандық делегация Алдағы онжылдықтарда өңір халқының қарқынды өсу болжамдарын атап, 2018 жылы Түркіменстандағы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының саммиті барысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының аймақта су-энергетикалық консорциум құру туралы бастамасының маңыздылығын атап өтті.

Іс – шара аясында Министрдің орынбасары Р. Василенко Еуропалық сыртқы іс-әрекеттер қызметінің басшысы – гендиректордың орынбасары Жан-Кристоф Бейярмен, Еуроодақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Бурианмен, сондай-ақ РФ, Шығыс серіктестік, ОА және ЕҚЫҰ департаментінің директоры Люк Девинмен кездесу өткізді.

Дипломаттар Қазақстан мен ЕО арасындағы екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін, соның ішінде саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ ағымдағы жылы ҚР мен ЕО және оның мүше мемлекеттері арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің толық күшіне енуін талқылады. Тараптар сондай-ақ Еуропалық Кеңес Президенті Дональд Тусктың ү.ж. 31 мамырдағы Нұр-Сұлтанға сапарын дайындауды қарастырды және ү.ж. 7 шілдеде Бішкекте өтетін ЕО-ОА министрлік кездесуінің күн тәртібі туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында сондай-ақ Еуропалық Парламентке аяқталған сайлаудың қорытындысы бойынша ЕО-дағы заң шығарушы және атқарушы биліктің жаңа басшылығы және Қазақстандағы алдағы президенттік сайлаудың қалыптасуы тұрғысынан екі жақты қатынастардың маңызды ішкі саяси контексті атап өтілді. Тараптар, ЕО ұзақ уақыт бойы республиканың ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылатын, мүдделердің ортақтығына және қарым-қатынастар тарихына негізделген ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара адалдығын атап өтті.

Ауғанстан Сыртқы істер министрінің орынбасары И.Заманмен саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды. Бұл ретте, Қазақстан тарабы бастамашылық жасаған, Қазақстан мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарында ауғандықтарды оқыту жобасын жүзеге асыру келіссөздердің жеке тақырыбы болды.

Қосылған : 29.05.2019, 16:35, Өзгертілген : 29.05.2019, 16:35