​2018 жылдың қортындысы бойынша Қазақстанда 27 инвестициялық жоба іске асырылды

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 26 наурыз «Kazakh Invest» ҰК» АҚ қолдауымен 2018 жылы елімізде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 3,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 27 инвестициялық жоба іске асырылып, 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-ның мониторинг жүйесінде 26 елдің шетелдік инвесторларының қатысуымен жалпы сомасы 40 млрд. АҚШ долларын құрайтын 157 жоба бар. Оларды іске асыру шамамен 45 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өңірлер бөлінісінде жобалардың ең көп саны Алматы облысына тиесілі - 4,1 АҚШ млрд. долларын құрайтын 27 жоба. Бірінші бестікке сондай-ақ Қарағанды облысы - 2,1 млрд. доллары сомасына 15 жоба; Нұр-Сұлтан қаласы - 4,1 млрд. доллары сомасына 12 жоба; Қостанай облысы - 2,2 млрд. доллары сомасына 12 жоба және Ақтөбе облысы - 1 млрд. доллары сомасына 10 жоба кіреді.

180 жоба бойынша келіссөздер басталған инвесторлардың жеке тізбесі жүргізілуде. 2019 жылы қосымша 27 жобаны іске қосуды қамтамасыз ету және 100-ге жуық жаңа инвесторларды тарту жоспарлануда.

Қосылған : 26.03.2019, 20:00, Өзгертілген : 26.03.2019, 20:00