XII Астана экономикалық форумы - «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар»

2019 жылы 16-17 мамырда Қазақстанның елордасы – Нұр-Сұлтан қаласында XII Астана экономикалық форумы (АЭФ) өтеді. Жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық сарапшылар әлемдік экономиканың ең маңызды проблемаларын талқылап, оларды шешу бойынша Қазақстанға арналған ұсынымдарды әзірлеу үшін бас қосатын болады.

Форумның басты тақырыбы – Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар. Іс-шараға қатысушылар тұрақты өсімнің, адам капиталын дамытудың және қалалардың әлеуетін білім мен инновациялардың халықаралық орталықтары ретінде нығайтудың жаңа жолдарын талқылайтын болады.

АЭФ іс-шарасы дәстүрлі түрде панельдік сессиялар, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен іскерлік диалогтар форматында өтуде. Ел басшыларының қатысуымен өтетін сессиялар, ӘВҚ Басқарушы-директоры Кристиан Лагардтың төрағалығымен өтетін Кавказ және Орта Азия елдері, Моңғолия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер өңірлерінің қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының дөңгелек үстелі, Cyber and Digital Security-2019 сессиясы, «Су Орталық Азиядағы өсім мен қауіпсіздік факторы ретінде» сессиясы, G-Global қолдауымен өтетін «Жаһандық жібек жолы» қала мәрлерінің форумы, ЭЫДҰ елдік щолуы және т.б. биылғы форумның ең маңызды іс-шаралары болмақ.

Биыл АЭФ-ке 5 мыңға жуық адам қатысады. Олардың жартысы әлемнің 100 елінен келетін шетелдік делегаттар. Өз қатысуын бүгінгі күнге дейін растаған халықаралық қатысушылардың арасында: Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард, Армения Президенті Армен Саркисян, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхиты үшін Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) жауапты хатшысы Армида Алисджабана, Ресей Сбербанкінің Президенті және Басқарма Төрағасы Герман Греф, Nokia Директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Сииласмаа, сондай-ақ Ресей, Мажарстан, Үндістан, Түрікменстан, Бельгия, Түркия, Сауд Арабиясы, Польша, Қытай, Тәжікстан елдерінің салалық министрлері, БҰҰ, ИДБ, ЮНИДО және т.б өкілдері.

Астана экономикалық форумы - Еуразиядағы жыл сайынғы басты іс-шара. Ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2008 жылдан бастап өткізіліп келеді.

11 жыл бойы АЭФ әлемдік экономика мен қаржы жүйесін жандандыру және дамыту мәселелерін талқылау үшін ең ықпалды халықаралық платформалардың мәртебесіне ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат, оның ішінде 20-дан аса Нобель сыйлығының лауреаты және 30-дан аса жоғары дәрежелі шетелдік саяси қайраткер қатысты. Форум аясында жалпы сомасы 20 миллиардтан асатын 300-ден аса меморандум мен келісімге қол қойылды. Қосымша ақпаратты ресми сайттан таба аласыздар - www.astanaeconomicforum.org

Қосылған : 8.05.2019, 22:35, Өзгертілген : 8.05.2019, 22:35