Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның профилактикасы шараларын одан әрі күшейту туралы

1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары: 

1) ағымдағы жылғы20 ақпаннан бастапресми және үкіметтік делегацияларды, сондай-ақ қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды және халықаралық автомобильмен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді қоспағанда, Қытай Халық Республикасына (бұдан әрі – ҚХР) барған сәтінен бастап 14 күннен кем уақыт өткен (бірінші санат) келген адамдарды 14 күн бойыөңірлік провизорлық стационарда оқшаулай отырып, кейіннен тұрғылықты жері бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымдарында шығарылғаннан кейін 10 күн бойы медициналық бақылау арқылы карантинді (күн сайын қоңырау шалу);

         2) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден(екінші санат) келген адамдарды, сондай-ақ ресми және үкіметтік делегацияларды, қызметтік және дипломатиялық паспорттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштары мен экипаж, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен айналысатын адамдарды, ҚХР-дан келген жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерді Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) шекарасынан өткен күннен бастап 14 күн бойытұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК-тың медицина қызметкері барып бақылауды, одан әрі 10 күн бойы қоңырау шалу арқылы МСАК-та медициналық бақылауды қамтамасыз етсін. 

         14 күн бойы өзін-өзі оқшаулау, үшінші адамдармен қарым-қатынаста болмау, халық жаппай жиналатын орындарға бармау туралы ұсынымдар бере отырып; 

         3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден (үшінші санат) келген адамдарды ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы тұрғылықты (келген) жері бойынша МСАК-та медицина қызметкерінің қоңырау шалуы арқылы медициналық бақылауды;әр өңірде КВИ-ға күдікті пациенттерді орталықтандырылған қабылдау, тексеру және емдеу үшін қажетті төсек қуаты бар стационарларды ұйымдастыруды қарастыруды;

         4) әр өңірде КВИ-ға күдікті пациенттерді орталықтандырылған қабылдау, тексеру және емдеу үшін қажетті төсек қуаты бар стационарларды ұйымдастыруды қарастыруды;

         5) халықты коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданатын шаралар туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін. 

2. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің көліктегі департаменті, аумақтық департаменттерінің басшылары:   

  1. Қытаймен шекарадағы шекара және кеден бекеттерінің басшыларымен бірлесіп Достық және Алтынкөл уақытша сақтау қоймалардағы, сондай-ақ ҚХР-мен шекарадағы автомобиль өткізу жолдарындағы теміржол-жол жүк құрамдарының қозғалысына, оларды түсіруге және қалыптастыруға тартылған адамдардың қозғалысын, тұру, медициналық бақылау схемаларын әзірлеуді және барлық  мүдделі ұйымдармен келісуді; 
  2. ҚР азаматтары, шетел азаматтардың жалпы саны бойынша бөле отырып, Қытайдан, сондай-ақ коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген шетелдік азаматтарды бөлек есепке ала отырып, ҚР шекарасынан өтетін адамдар туралы мониторингті және ақпаратты сағат 20-00-ге дейін күнделікті ұсынуды;
  3. хабарламаны таратуды және 2-қосымшаға сәйкес сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.  

         3. ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттеріне тіркелген коронавирустық инфекция жағдайларының саны 10 жағдайдан астам КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің және тіркелген КВИ жағдайларының саны 10 жағдайға дейін КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдердің тізбесін сағат 10-00-ге дейін күнделікті ұсынсын;

4.Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық, көліктегі департаменттер, облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

  1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 3 ақпанда бекіткен «2019-nCoV жаңа коронавирустық инфекциясы анықталған кезде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру алгоритмдеріне» сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық шараларды өткізуді;

2) коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және аумақтарда қолданылатын шаралар туралы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жедел орталығына күн сайын сағат 7-00-ге ұсынылсын..

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 

7.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

 Бас мемлекеттік

 санитариялық дәрігерінің орынбасарыН. Сәдуақасов

COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз елдер

1 санат

ҚХР



2 санат

Сингапур


Жапония


Таиланд


Оңтүстік Корея


САР Гонконг ҚХР

САР Макао ҚХР

Тайвань (ҚХР)

3 санат

Малайзия


Вьетнам 


Германия


Австралия


АҚШ


БАӘ


Канада 


Италия


Хабарлама

Құрметтіазамат!

Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа типінің өршуінің жариялануына байланысты және инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатындаСізденөз денсаулығыңыздысақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймын:

  • Дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу; 
  • Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  • Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  • Қолды сабынмен жиі жуу; 
  • Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  • Дене температурасы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке жүгінуі, сондай-ақ жіті респираторлық инфекция симптомдары бар адамдар жөтелу әдебін сақтауы тиіс (қашықтықты сақтаңыз, жөтелгенде және түшкіргенде ауызды бір рет қолданылатын орамалдармен немесе киіммен жабыңыз және қолды жуыңыз).

Тұрғындарға арналған профилактика шаралары

  1. Дене температурасын күніне кемінде 2 рет өлшеу; 
  2. Профилактика шараларын сақтау:
  3. Үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;
  4. Күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;
  5. Қолды сабынмен жиі жуу; 
  6. Жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (орамал, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;
  7. Температурасы бар адамдар қоғамдық орындарға бармауы және медициналық көмекке уақтылы жүгінуі керек;
  8. 1406 телефоны арқылы күдікті жағдайлар және жеткіліксіз медициналық көмек туралы хабарлау. 
Қосылған : 9.03.2020, 13:50, Өзгертілген : 2.03.2020, 13:50