Афинада Қазақстанның Тәуелсіздік күні атап өтілді

Кеше грек астанасында Афинадағы Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Тұңғыш Президенті күніне орай дәстүрлі дипломатиялық қабылдау өтті.

Бұрынғы корольдік сарай, ал қазір Грекия парламенті ғимаратының жанындағы «Grande Bretagne» қонақ үйінің тарихи ғимаратында өткен мерекелік іс-шараға Грекияның саяси, академиялық және іскерлік топтарының жоғары өкілдері, белгілі қоғам және мәдени қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстанның көптеген достары қатысты. Қонақтардың арасында дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, журналистер, бұрынғы отандастарымыз бен қазақ диаспорасының өкілдері де болған.

Салтанатты кешті аша отырып, Қазақстанның Елшісі Алексей Волков құттықтау сөзін айтып, қонақтарды 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алған сәттен бастап республиканың экономикалық және халықаралық жетістіктерімен, сондай-ақ республикадағы соңғы саяси оқиғалармен таныстырды. Ол өтіп бара жатқан жыл Тұңғыш Президент және Елбасы
 Н.Ә. Назарбаев Мемлекет басшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қабылдаған тарихи шешіммен белгіленгенін және одан кейін атақты дипломат әрі саясаткер Қ.-Ж. Тоқаев жеңіске жеткен жалпыға бірдей сайлау өткенін атап өтті. 

Елші Алексей Волков Қазақстанның алдында ғасырдың ортасына қарай экономиканың инновациялық және әртараптандырылған үлгісіне көшу арқылы әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру және тұрақты өсуге қол жеткізу бойынша ауқымды міндет тұрғанын атап өтті. Осыған байланысты ол Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын атап өтіп, ондағы Президент Қ.-Ж. Тоқаев демократия негіздерін, қазақстандық қоғамының бірлігін нығайтуға және экономиканы одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар нақты бастамаларды белгіледі.

Екіжақты қарым-қатынастар жөнінде айта келе, қазақстандық дипломат сенімділік пен өзара сыйластыққа негізделген Қазақстан мен Грекия арасындағы қарым-қатынастардың ерекше достық сипатын атап өтті. Сонымен қатар, ол Қазақстандағы грек диаспорасының және Грекияда тұратын бұрынғы азаматтарымыздың екі ел арасындағы берік байланыстарды дамытудағы рөлін атап өтті.

Қонақтардың Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге де назар аударылды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан 300 миллиард доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартты. Елші Алексей Волков 2019 жылы Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу жеңілдігі» рейтингінде 190 елдің ішінде 28-ші орынға ие болғанын атап өтті. Қазақстанның Елшісі: «Бүгін біз халықаралық инвесторларға көршілес аймақтардағы 500 миллион тұтынушы нарығына әлеуетті қолжетімділікпен өңірлік орталықтың қызметтерін ұсынамыз», - деп білдірді.

Өз сөзінің соңында қазақстандық дипломат қонақтарға «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі аясында Афинада өтіп жатқан атақты «Алтын адамның» тұсаукесерін еске салды. Ол аталған көрме Грекияның астанасында нағыз үрей туғызғып, Ұлы Дала елінің мәдениетімен және бай тарихи мұрасымен грек тұрғындарын таныстыру бойынша Афинадағы Қазақстан Елшілігінің мақсатты жұмысының өзіндік шарықтау шегіне айналғанын атап өтті.

Қабылдаудың соңында қонақтар үшін Қазақстандағы туризм мен инвестициялық ахуал туралы бейнефильмдер көрсетілді.

Қосылған : 5.12.2019, 16:40, Өзгертілген : 5.12.2019, 16:40