«Қазіргі Қазақстан тарихи мұра призмасы арқылы - Афинада «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды»

Афина. 12 қараша 2019 жыл. «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі шеңберінде әйгілі «Алтын адам» экспонаты Грекия астанасында нағыз күшті әсер туғызды. Бұл шара Афинадағы Қазақстан Елшілігінің грек халқын Ұлы дала елінің  мәдениеті мен бай тарихи мұрасымен таныстыру бағытындағы жұмыстардың нәтежиесі деп айтуға болады.

Афина тұрғындары мен қонақтарына ү.ж. 11 желтоқсанға дейін ашық болатын, көрменің ашылуы Қазақстанның Ұлтық мұражайы мен Грек Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен тығыз ынтымақтастық және Афинадағы Қазақстан Елшілігінің қолдауының арқасында мүмкін болды. Таспаны кесу салтанатты рәсімі, кешке Афина Археологиялық мұражайының Эпиграфика мұражайы ғимаратында, Қазақстанның Грециядағы Елшісі Алексей Волковтың, Грекияның мәдениет жөніндегі Бас хатшысы Георгиос Дидаскалу мен Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы Директорының орынбасары Алмаз Нұразханның, сондай-ақ белгілі мемлекеттік, дипломатиялық, мәдени және журналистік топтардың, екі елдің археологиялық ғалымдарының қатысуымен өтті.

 Қазақстанның тарихы мен казіргі даму кезені туралы көптеген сұрақтарға жауап беру үшін сондай-ақ грек баспасөзінің көрмеге деген қызығушылығын ескере отырып, бірінші күні - 11 қарашада, көрмені ұйымдастырушылар мен Қазақстанның Афинандағы Елшісі Алексей Волковтың қатысуымен кеңейтілген баспасөз конференция өтті.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстанның Елшісі аталған көрме қазіргі Қазақстан еліміздің ежелгі тарихының призмасы арқылы қарауға, сонымен қатар онда болып жатқан процестерге жаңа көзқараспен қараудың ерекше мүмкіндігі екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың «Конструктивті қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» Жолдауына сілтеме жасай отырып, дипломат «Қазақстан демократия негіздерін нығайтуға, қазақстандық коғамдағы бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастамаларды жүзеге асыру жолында» деп атап өтті.

Ол әлемдік экономика мен саясаттағы шиеленісті кезеңде, Қазақстан өзінің тарихи тамырларын ұмытпай және сақтай отырып, бүкіл ел мен қоғамды жаңарту үшін 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді мақсаттар қоятынын белгілеп өтті. Осы тұрғыда «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесінің ерекше маңыздылығын айта отырып, Елші Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттауға ықпал ететін «Рұхани Жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» сияқты маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Елшісі келе жатқан 2020 жылы елімізде басқа да тарих пен мәдениетке маңызды, қазақ ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын, атақты ғалым және философ Әбу-Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Алтың Орданың 750 жылдығын атап өтуге дайындалып жатқанын хабарлады. Дипломат, бұл мерейтолық шаралар Грекияда да, халықаралық деңгейде же ЮНЕСКО қамқорлығымен атап өтілетінін мәлімдеді.

Грек тарапы атынан Грекия Мәдениет және спорт министрлігі Ежелгі және мәдени мұра департаментінің бас директоры П. Адам-Велени де баспасөз конференциясында сөз сөйледі. Ол өз сөзінде Грекия үшін Еуропа қалаларында өткен «Алтын адам» халықаралық туристік жобасының елдерінің бірі болу үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сонымен бірге, ол көрменің ғылыми және археологиялық өлшеміне тоқталды, себебі грек жұртшылығы және Афина қаласы қонақтар үшін Ұлы дала мәдениетін, оның тірі мұрасын және қазіргі дәуірмен көптеген байланыстарын білуге мүмкіндік берді. Қазақстан мен Греция арасындағы байланыстарды нығайтудың маңыздылығына тоқтап, П. Адам-Велени «бұл көрме, және оған сияқты басқа да мәдени іс-шаралар, мемлекеттер және екі халық арасындағы қарым-қатынастар байланыстарды шоғырландырады және кеңейтеді» деп атап өтті. 

Өз кезегінде, ҚР Ұлттық мұражай директорының орынбасары Алмаз Нұразхан «Рұхани Жағыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрменің мақсаты «Еуропа елдеріне біздің еліміздің тууының негізін қалаған ежелгі мәдениетті көрсету» екенін атап өтті. Ол «Алтын адам» көрмесінің басты экспонатын 1969 жылы археолог Кемал Ақышев Қазақстан жерінде тапқан болатындығын және одан  кейін  тағы 7 «алтын адам» табылғанын хабарлады. Ұлттық мұражайдың өкілі, «1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан бері, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қолдауымен, Қазақстанды мәдениет арқылы білуге үлкен көңіл бөліп келе жатқанын» Қазақстанды мәдениет арқылы  әлемдік майданда ілгерілетудің маңыздылығы туралы мәлімдеді. А.Нұразхан, «табылған артефакттар мен қазіргі мәдениетіміздің арасында байланыс орнатылуда, өйткені өзімізді ежелден бері елімізде өмір сүрген адамдардың ізбасарлары деп санаймыз», баса айтты.

Баспасөз конференциясының аяқталуында, тарихшы-археолог З.Самашев көрменің маңызды міндеті «сабақтастық мәселелері аясында біздің мәдениетімізді және ата-бабаларымыздың мәдени жетістіктерін көрсету» деп мәлімдеді. Ол «сондықтан көрмеде қазақтың зергерлік бұйымдарын бейнелейтін, ежелгі Сақтар мен қазақтардың мәдениет пен технология сабақтастығы арқылы байланысын көрсететін арнайы зал ашылды» деп мәлімдеді.

«Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі 2019 жылдың                      11 желтоқсанына дейін келесі мекен-жай бойынша өтеді: Επιγραφικό Μουσείο Διεύθυνση: Τοσίτσα 1, Τ. Κ. 10682, Αθήνα. Көрме туралы қосымша ақпаратты осы сайттан алуға болады: www.altynadamworld.com. Қазақстан Президентінің Жолдауының мәтінің Қазақстанның Афиныдағы Елшілігінің сайтындаwww.mfa.kz/athens көруге болады.  

Қосылған : 12.11.2019, 10:20, Өзгертілген : 12.11.2019, 10:20