Размер шрифта
Цвета сайта

 

2017 ж. 17 наурызда Қазақстанның Елшілігі Румындық-қазақстандық екіжақты сауда-өнеркәсіп палатасымен бірге ұйымдастырылған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі және Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктеріне арналған конференциясы өткізілді.

Іс-шарада Румынияның сыртқы істер, экономика министрліктерінің, өңірлік сауда-өнеркәсіп палаталар мен іскерлік ассоциациялардың, сондай-ақ елдің басым салаларда жұмыс істейтін ірі бір топ румын компаниялары қатысты.

Қазақстандық және румын туристік компаниялардың қатысуымен «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы, жоспарланған халықаралық, мәдени және спорт іс-шаралары бағдарламаларының презентациясы ұйымдастырылды, шетелдік қонақтарға арналған туристік бағыттары мен арнайы турпакеттері ұсынылды. Екі ел туристік компаниялары арасындағы бірлескен ынтымақтастығы туралы келісімге қол жеткізілді.

Елбасы жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» бағдарламасы турасында, конференция қатысушылары Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерімен, экономиканың басым секторлардағы шетелдік инвесторларға арналаған преференциялар мен ынталандырмалармен, индустриалды-инновациялық және транзиттік-көліктік даму басымдықтармен таныстырды.

Елдің алдағы халықаралық іс-шарада қатысуға дайындалу шеңберінде, Румынияның СІМ өкілдері «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі румындық ұлттық павильонның тұжырымдамасы мен нобайымен таныстырды. Өз кезегінде, Лазерлік технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының мамандары румын павильонының орталық элементі - «Extreme Light Infrastructure» (экстрималды жарық инфрақұрылымы) европалық жобасы әлемдегі ең ірі лазерінің үлгісі жөнінде баяндады.