Размер шрифта
Цвета сайта
  Zhoshibayev

"ЭКСПО - 2017" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕНІҢ КОМИССАРЫ

ЖОШЫБАЕВ РӘПІЛ СЕЙІТХАНҰЛЫ

 

1963 жылы дүниеге келді. 1985 жылы Қырғыз Мемлекеттік университетін және 1992 жылы Санкт-Петербург Экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. 1985-1988 жж. аралығында Қырғыз КСР мемлекеттік экономикалық жоспарлау құрылымдарында қызмет етті.

 

1988 жылы Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтына зерттеуші стажер болып түсті, ал 1989 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы университетінің аспиранты атанды. 

 

1993 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1996 жылдан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД департаментінің бөлім бастығы.

 

1998 жылдан – Қазақстан Республикасының Балтық елдеріндегі Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

 

2000 жылдың тамызынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары.

 

 2003 жылдың шілдесінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.

 

2004 жылдың қазанынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

 

2007 жылдың қазан айынан 2013 жылдың мамыр айына дейін - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы. 2011 жылы Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына өтінімін жылжыту және ілгерілету жөніндегі ұлттық үйлестіруші болып тағайындалған. 2013 жылдың 24 мамыр күні Елбасының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

2013 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары болып тағайындалды.

 

Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттиялық дәрежесі бар.

 

Ағылшын тілін меңгерген.

 

2006 жылы 2 дәрежелі «Достық», 2011 жылы «Парасат» ордендарымен марапатталды. Сонымен қатар, поляк-қазақстандық экономикалық ынтымақтастығының дамуына аса көрнекті үлес қосқаны үшін Польшаға қызметі үшін Орденімен марапатталған.

 

Отбасылы, 5 баласы бар.

 

  123

МИНИСТРДІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

ТІЛЕУБЕРДІ МҰХТАР БЕСКЕНҰЛЫ

1968 жылғы 30 маусымда туылған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдеріжәне Йенсе Университеті (Корей Республикасы) жанындағы Тілдер институттарында тағылымдамадан өтті.

Университетті аяқтағаннан кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің философия тарихы және қытай филологиясы кафедраларында жұмыс істеген.

Дипломатиялық қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде 1993 жылы атташе болып бастады. Орталық аппаратта Азия елдері басқармасының үшінші хатшысы, Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бірінші хатшысы, Екіжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдары қызметін атқарды. Шетелде Қазақстан Республикасының Корей Республикасындағы Елшілігінде екінші хатшы және ҚР Израиль Мемлекетіндегі Елшілігінде кеңесші болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде Мемлекеттік хатшының кеңесшісі лауазымында қызметте болды. 2003 жылы Қазақстан РеспубликасыСыртқы істер министрінің вице-министрі болып тағайындалды.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және 2005 жылдан бастап Индонезия Республикасы, Бруней, Даруссалам және Филиппин Республикасы елдеріндегі Елшісі қызметін қоса атқарды.

2009 жылы Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Лихтенштейн Княздығы мен Ватикан Мемлекеті, сондай-ақ Қазақстан РеспубликасыныңЖенева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдарындағы Тұрақты Өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне ауыстырылды. 2015 жылы Иерусалимдік Әулие ИоанныңТәуелсіз Әскери Госпитальерлер Орденінде, Родос және Мальтада Қазақстан Республикасыныңқоса қызмет атқарушы Елшісі ретінде аккредиттеленді.

2016 жылдың наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары.

«Ерен еңбегі үшін» (2014 ж.) медалімен және мерейтойлық медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыстары жарияланған (2003 ж., 2010ж.).

1-сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

   Ashikbayev

 МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

АШЫҚБАЕВ ЕРЖАН НИГМАТУЛЛАҰЛЫ

1974 жылы 16 маусымда Алматы қаласында туған. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, халықаралық қатынастар саласының маманы, екі шет тілін меңгерген референт-елтанушы. 2012 жылы Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебі магистратурасының мемлекеттік басқару мамандығын бітірген, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты. 1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Төртінші департаментінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті. 1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы. 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы. 2005 жылғы наурыздан маусымға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Кеңсесінің жетекшісі. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2009-2011 жылдары Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі. 2012 жылғы қыркүйектен қазанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары. 2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі. 2013 жылғы желтоқсаннан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. Ағылшын, түрік және француз тілдерін меңгерген. II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Үйленген, үш баласы бар. 

 

 

 

 

789

 

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ВАСИЛЕНКО РОМАН ЮРЬЕВИЧ

1972 жылы 14 тамызда Шымкент қаласында туылған.

1994 ж. – Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын үздікке бітірген.

1994-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт.

1996-1999 жж. – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

1999-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесі Басшысының көмекшісі.

2000-2007 жж. – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2007-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшы Хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Хатшының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2012-13 жж. – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдамалы және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.

2013-14 жж. – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

2014 ж. сәуірден 2016 ж. наурызға дейін – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы.

2016 жылғы 4 наурыздан Қазақстан Республикасы Президентінің Өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Ағылшын, француз және вьетнам тілдерін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін» (2008) мерейтойлық медальмен марапатталған.

Үйленген, үш баласы бар.

 

     
   койшыбаев

 

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

ҚОЙШЫБАЕВ ҒАЛЫМЖАН ТЕЛМАНҰЛЫ

Туған жылы:

 1968 ж. 12 сәуір, Қызылорда қаласы

 

Жоғарғы білімі:

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететі (1991 ж.), Философия ғылымдарының кандидаты (1994 ж.)

Атқарған қызметі:

 

1991 - 1994

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия факультетінің аспиранты

 

1995 - 1997

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы

 

1997 - 1998

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі

 

1998 - 2004

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі

 

2004

Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі

 

2004 - 2006

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы

 

2006 - 2008

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі

 

2008 - 2012

Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы  және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

 

2012 - 2016

Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы)

 

2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

 

Меңгерген тілдері:

 

Орыс, ағылшын және француз тілдері

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, 2 баласы бар.

 

 

 

 

МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ

КАМАЛДИНОВ АҚЫЛБЕКӘБСАТҰЛЫ

10.1981 – 10.1983 жж.            

Совет армиясының қатарында қызмет

11.1983 – 06.1984 жж.

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы

08.1984 – 06.1990 жж.

С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің студенті

10.1990 – 05.1992 жж.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті жанындағы Азия және Африка елдері Институтының зерттеуші тағылымгері

05.1992 – 11.1993 жж.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің жапон тілі мұғалімі

11.1993 – 03.1996 жж.

Қазақстан Республикасы СІМ Бас консулдық басқармасының үшінші хатшысы

03.1996 – 10.1996 жж.

Қазақстан Республикасы СІМ Бас консулдық басқармасының екінші хатшысы

10.1996 – 01.1997 жж.

Қазақстан Республикасы СІМ Бас консулдық басқармасының бірінші хатшысы

01.1997 – 03.1998 жж.

Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші хатшысы

03.1998 – 03.2001 жж.

Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің бірінші хатшысы

04.2001 – 03.2002 жж. 

ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті Шығыс Азиябөлімінің басшысы

04.2002 –12.2002 жж.

ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаменті Азия Басқармасының басшысы

12.2002 – 08.2003 жж.

ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаменті директорының орынбасары

08.2003 – 04.2007 жж.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі

05.2007 – 03.2016 жж.

Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

03.2016 ж. қазірге дейін

Қазақстан Респубилкасы Сыртқы істер министрінің орынбасары

 

   

 

 

 Karashev

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

АНАРБЕК БАҚТЫҒАЗЫҰЛЫ ҚАРАШЕВ

1965 жылғы 25 наурызда туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1991 ж.). ГФР жанындағы дипломатиялық курстарды аяқтаған.
1991 – 1992 жылдары – Қазақ ұлттық университетінде оқытушы.
1992 – 1994 жылдары – Қазақстан Республикасы СІМ екінші хатшысы.
1994 – 1996 жылдары – Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы
1996 – 1997 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі.
1997 – 1999 жыдары Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
1999 – 2001 жылдары Қазақстан Республикасы СІМ Халықаралық шарттар бөлімінің басшысы.
2001 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2002 – 2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерециясындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2003 – 2008 жылдары – Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы (ГФР) Бас консулы.
2008 – 2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы және Словак Республикасындағы ҚР-дың Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы;
2014 жылдан бастап осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы СІМ Жауапты хатшысы.
1- сыныпы Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
Неміс және ағылшын тілдерді біледі.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2003 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Ерен еңбегі үшін» (2012 ж.) мерекелік медалімен марапатталған, сондай-ақ ҚР Президентiнiң алғысымен атап өтілген.
(2010 ж.).
Отбасылық жағдайы
Үйленген, 4 баласы бар.